Жазғытұры мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Қазақстанның жері кең-байтақ. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Қазақстан жері өте үлкен, сондықтан әр аймағының табиғаты бір-біріне ұқсамайды. Оңтүстігінде ағаштар гүлдеп, жер көгергенде, солтүстігінде әлі қар жатады. Қазақстанның оңтүстік облыстарында жылуды жақсы көретін күріш, қант қызылшасы, мақта, жеміс түрлері, әртүрлі дәрілік шөптер мен өсімдіктер өседі. Бұл аймақтарда жаңбыр аз жауады, жазы ыстық әрі құрғақ болады. Бірақ ол аймақтың байлығы - тау өзендерінің мол суы. Республиканың солтүстік аудандарында астық пен көкөністер жақсы өседі. Мұнда жаңбыр жиі жауады, жазы да ыстық емес.
Республика жерінің 10%-ы биік таулы өңірлер, 90%-ы – жазық және қыратты (холм). Оңтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтары жазық (равнина), оңтүстік-шығысы таулы аймақ болып келеді.

Any0070 Any0070    2   18.05.2020 06:54    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi