ЖАвылым 11-тапсырма. Анықтамалық әдебиеттерден жол ережелеріне қатысты қосымша ақпарат тап. Сол бойынша эссе жаз. Эссенің тақыры
бы, кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімі болсын. Онда сын есімдерді
колдан.​

lilarthur lilarthur    3   06.02.2021 16:01    31

Ответы
verka000 verka000  08.03.2021 16:04

Жол ережелері туралы.

Жол белгілерінің тарихына келер болсақ, ертеректе аталарымыз атқа мініп немесе ат жеккен күймемен баяу жүретін болған. Уақыт өте келе жолдың қажеттігі туындаған. Жол пайда болғаннан кейін ар жеккен арбалармен қатар түрлі көлік түрлері де пайда бола бастады. Көлік түрлері көбейген сайын жолдағы тәртіпсіздік те көбейе түсіпті, сондықтан 1742 жылы ат жеккен күймелердің айдаушыларын жауапқа тартатын заң енгізіліпті. Тарихтан 1812 жылы Ресейде тұңғыш рет оң жақ қапталмен жүру тәртібі енгізіліпті және жылдам жүрушілерге шектеу қойылып, экипаждардың жүріс-тұрысын реттеуге алғашқы қадамдар жасалғанын білуге болады.

Елімізде жолда жүру ережелері алғаш рет 1931 жылы Алматы қаласында пайда болыпты және ол тек қала аумағындағы көшелер мен жұмысшы поселкілеріне қатысты болған екен. Сол дылы Алматы қаласы бойынша тек 109 көлік қана болыпты. Дегенмен көліктің санының аздығына қарамастан сол кездің өзінде жол - көлік оқиғалары орын алыпты. Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жолда жүру ережелері Жолда жүру халықаралық Конвенциясының талабына сай өзгертілген болатын.

Жолда жүру белгілерін "халықаралық тіл" деп атап жатады. Себебі жолда жүру белгілерін тану үшін шет тілін білу қажет емес, сіз қай тілде сөйлесеңіз де, жол белгілері ортақ, бірдей әрі түсінікті болады. Жол белгілері "халықаралық тіл" болғандықтан олардың көмегімен қандай бағытта жүру керектігін білуге болады

Правильно 100%

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi