- Жау-жау, жаңбыр Әні мен сөзін жазған – Бота Бейсенова Келді, міне, көктемім, Жердің жүзі көктеді. Ақ жаңбырды сыйлады, Ақша бұлттар көктегі. Қайырмасы Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр! Мөлдіреген тамшыларың. Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр! Табиғаттың сәні. Жаушы жаңбыр тағы да, Күттік сені сағына. Кірсін жердің сәні де, Топырақтың нәрі де.