жаттығу.Мына сөйлемдердің жалаң және жайылма екенін көрсетіп, астын сызыңдар.
Аман тысқа шықты. Аспан ашық. Күн жадырап тұр. Ауа желсіз. Тек қана шымыр салқын бар. Ұзын бойлы, ат жақты жігіт бір қағазға бірдеме жазып жатыр.
-Баяндама дайын ба?
-Осы бітірген бойым. Көруіңізге болады.
Аман оқи бастады. Кей жеріне қарындащпен белгі соға отырды. Қай жерін толтыру керек екені туралы пікір айта бастады.
-Сөйлемді сауатты құрастыруға көңіл бөлген жөн. Әр сөйлемде пікір, ой жатсын. Мынада бос сөздер көп. Содан кейні тағы көремін.

2-жаттығу.Жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемге айналдырыңдар.
Олар орманға қарай жөнелді. Біз бақылау пунктіне бар жатырмыз. Зор денелі біреу окоптың ішінде дүрбімен алдыңғы жақты шолды. Оның қасында қысық көзді біреу телефонмен бірдеңені былдырлап айтып жатыр. Я қырығыз, я қазақ, екеуінің біреуі.

3-жаттығу. Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр.
Сынып іші тына қалған еді. Біз барамыз. Дауыстар шығып кетті. Мен қолдаймын. Біз құрамыз. Оқушылар қарай қалып еді. Мен қорықпаймын. Кімдер барады?

Kell500 Kell500    3   19.12.2020 12:27    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi