1.Бір жылға қоян терісі де шыдаған. 2.Қоян көлеңкесінен қорқады. 3.Ай жарық, қоян арық. 4.Ата білсең, ақ қоян, Сата білсең, сақтиян. 5.Қашайын деп тұрған қоянға «тәйт» десе не жорық. Үйге дәуіт кірсе, құт кіреді. 6.Көлбақаға күнде той. 7.Таутекенің тауға шықпаса, тұяғы қышиды. 8.Бір киікті бір тау аш қылмайды. 9.Киікті көрінбеген атады, не ерінбеген атады. 10.Балалы марал маңырайды, Баласыз марал зарлайды. 11.Әр таудың шүйгінін аңсаған бұғы аштан өледі. 12.Тауда жүрген киіктің көзінен өзге айыбы жоқ. 13.Бір тауда бір киік. 14.Ит жоқ жерде шошқа үреді. 15.Борсық ұрған сайын семіреді.
2.Қоян көлеңкесінен қорқады.
3.Ай жарық, қоян арық.
4.Ата білсең, ақ қоян,
Сата білсең, сақтиян.
5.Қашайын деп тұрған қоянға «тәйт» десе не жорық.
Үйге дәуіт кірсе, құт кіреді.
6.Көлбақаға күнде той.
7.Таутекенің тауға шықпаса, тұяғы қышиды.
8.Бір киікті бір тау аш қылмайды.
9.Киікті көрінбеген атады, не ерінбеген атады.
10.Балалы марал маңырайды,
Баласыз марал зарлайды.
11.Әр таудың шүйгінін аңсаған бұғы аштан өледі.
12.Тауда жүрген киіктің көзінен өзге айыбы жоқ.
13.Бір тауда бір киік.
14.Ит жоқ жерде шошқа үреді.
15.Борсық ұрған сайын семіреді.