Көңілімді шаттыққа бөлеп, жүрегіме ерекше жылулық сыйлайтын мерекелердің бірі – Жаңа жыл. Оның әлем халықтары үшін ортақ мереке болғандығы үшін қатты қуанамын. Жақындаған сайын қоршаған ортада өзгерістер болып жатқан секілді көрінеді. Құдды күллі әлем ертегі әлеміне саяхат жасайтындай.