Жамал шыққан уақытта азырақ жаяу борасын бар еді. Жамал жиырма шақырым шыққан уақытта боран кѳтеріліп, жол кѳрінбей бастады. Бара-бара боран әбден күшейіп, алды-артын орап алды. Қорқыныштың не екенін һәм жән-тән рақатын ұмытқан Жамалдың ойында Ғали ғана болып келе жатқан уақытта аты бір жерге келіп тұрып қалды. Сол уақытта ғана байқаса, ат әлдеқашан жолдан шығып кетіп, бір қалың омбы қарға тоқтаған екен. Атты кейін бұрайын десе, екі қолы қатып қалып, тізгінді ұстауға келмей тоңып һәм күллі денесінің қалтырағанын сезді. Жамал бар күшін жинап алып, атын бұрып жүрген болып еді, еш нәрсе кѳрінбей, жол табылмайтын болды. Осылай адасып түн ортасына шейін жүріп, ѳзі әбден жаурап не болғанын білмеске айналды. Тым болмаса аттан түсіп, жаяу жүрсем жылынар ма екенмін деп, түсіп жүріп кѳріп еді, қалың қарға жығылып-тұрып жүре алмай, бір жерге келіп біржола құлады... Автор дүлей боран мен қыз арпалысы арқылы қандай ойды жеткізгісі келеді? (Дүлей боранды өмір ағысы деп алар болсақ, автордың суреттеу тәсілін қалай бағалар едіңіз? Автордың айтар түйінді ойы қандай? ) Ойыңызды 5-6 сөйлеммен білдіріңіз.

НАДО!!

шуберт678 шуберт678    3   09.02.2021 07:54    36

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi