Жалғаулықты алмастырыңыз. және -> мен, пен, бен

1) Танысып қойыңыз, бұл – Гауһар және Айжан.

2) Жетпіс екінші пәтерде Таңат және Әлия тұрады.

3) Кеше жаңбыр жауды.

4) Мен күзді және жазды ұнатамын.

5) Тұсаукесерге және туған күнге көп адам келді.

6) Мен тауға сенбіде және жексенбіде шығамын.

7) Менің кішкентай жиенім би билеуді және ән айтуды жақсы көреді.

8) Cіздің күйеу балаңыз және қызыңыз келді.

9) Аңсар және Ғалия маған бөле болып келеді.

10) Мен қазақ және ағылшын тілдерін жақсы білемін.

​​

Nellity Nellity    1   16.10.2020 09:22    6

Ответы
69Unicorn69 69Unicorn69  15.11.2020 09:22

1) Танысып қойыңыз, бұл – Гауһар мен Айжан.

2) Жетпіс екінші пәтерде Таңат пен Әлия тұрады.

3) Кеше жаңбыр жауды. (өзгермейді)

4) Мен күз бен жазды ұнатамын.

5) Тұсаукесер мен туған күнге көп адам келді.

6) Мен тауға сенбі мен жексенбіде шығамын.

7) Менің кішкентай жиенім би билеу мен ән айтуды жақсы көреді.

8) Cіздің күйеу балаңыз бен қызыңыз келді.

9) Аңсар мен Ғалия маған бөле болып келеді.

10) Мен қазақ мен ағылшын тілдерін жақсы білемін.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi