Жалқаулық— адам бойындағы жағымсыз сипат. Жұмысқа мойны жар бермейтін еріншек, бойкүйез, кежірлікті білдіретін мінездегі ұнамсыз сипат. Жалқаулық кежегесі кейін тартқан кежірлік, жайбасарлық. Жалқаулық шабан қозғалысымен, бойкүйездік еріншектігімен, кертартпа кежірлісімен айқындалатын адам мінезіндегі ерекшелік. Жалқаулық жұмыс істегісі келмей еріну, салғыртсыну сияқты адам мінезіндегі көріністерден де анық аңғарылады. Жалқаулыққа салыну кежегесі кейін тартып іс-әрекет етуге ерінуді білдіреді.