Жақын келіп жаз дидар Күнге қарап сөйледім:
- Әй, асыл Күн, қарашы, -
Нұрдан менің көйлегім!
Күн сөйледі сол кезде:
- Көйлек саған не керек?
Қызым болшы сен менің,
Әкетейін жетелеп?!.
– Беріңіз онда! – дедім мен, -
«Бестік» деген бағаны...
Күннен күнге сабағым
Қиын болып барады.
- Мә! Ал! – деген шоқ Күннің
Үні естілді көңілді.
Көбелектей көп «бестік»
Көктен сонда төгілді.
Қол жеткізген арманға
Біріне ұқсап батырдың,
«Бестіктерді» құшақтап
Құлдилап келе жатырмын.
Көк аспанда қалықтап,
Қызыққа әбден батыппын.
О бір кезде оянсам,
Үйде ұйықтап жатыппын!
Аша салып көзімді
«Бестіктерді» іздедім.
Қымбат баға маңымнан
Өшіріпті іздерін.
Қап, әттеген-ай!
Гүлнар Өмірзақова
3. Өлеңдегі оқиғаны 3-жақта (ол) әңгімелеп айт.​

pelmen123456789 pelmen123456789    2   22.04.2021 15:02    2

Ответы

Кешір,бірақ оның бәрін жазып отырсам уақыт өтіп кетеді.Бірақ,көмектесе аламын.

Объяснение:

3 жақта айт деп тұр ия. Ол дегенің "мен"," сен", "ол" деп тұр. Яғни сен "мен" деген жерлерін "сен"," ол" деген сөздермен алмастырып айтасың.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi