Жұрнақ пен жалғаудың бір бірінең өзгешелігін мысал арқылы далелдеу

Raimbek711 Raimbek711    1   15.07.2019 16:20    0

Ответы
jhope4 jhope4  19.08.2020 11:19
Жұрнақ – жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымша. Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы-шы”,              “біл-ім”, “жасы-қ”, “таға-ла”;сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г)-ірек”, “сары-лау”, “сары-рақ”, “жаз-ып”, “жаз-ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет-ретімен жалғанады.Жалғау —сез бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік. Жалғаулар бірінен соң бірі жалғана береді. Мұндай жағдайда көбінесе алдымен көптік, онан соң тәуелдік, сөз соңында септік жалғаулары жалғанады, жіктік жалғауы да сөз соңында жалғанады: оқушы-лар-ымыз-ға, бала-мыз, келе-сіз.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi