жұмыстарда 1 тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Берілген сан есімдер мен мәліметтерді сәйкестендіріңіз. Кестедегі сандық ақпаратты сөйлеммен ашып жазыңыз. Дүниежүзінде халық та, соған орай тіл де көп. Ғалымдар соңғы кездерге дейін дүние жүзінде екі мыңнан астам немесе үш мыңға жуық тіл бар деп келген еді. 1980 жылы Герман Федерациялық Республикасында жарияланған мағлұматтарға қарағанда 5661 тіл бар екен. Қазір дүниежүзінде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатындар саны 50 миллионнан асатын тілдер — 13. Ең көп тараған қытай тілінде 844 миллион адам сөйлейді екен. Егер бұл тілдерді қолданатындар санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады. Қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады. Әлемде ресми тіл саны алтау: Қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі. Дүниежүзіндегі барлық аударма Шығармалардың 33% — ағылшын тілінен аударылса, 15 % — француз тілінен, ал 1% неміс тілінен аударылады екен. Жалпы б мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған. 1989 жылы 22 қыркүйекте «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттік тілдердің қатарына кірген. Қазақ тілін еркін меңгерген кісіге туыстас түркі тілдерін, әсіресе, қарақалпак. ногай, татар және т.б. түркі халықтарының тілін меңгерген қиынға соқпайды. Сол сияқты орыс тілін жақсы білетін адамға болгар, поляк, словак тілдерін игеру жеңілдеу. Ал лингвистердің айтуынша орыс тілін, жапон тілін және қытай тілі секілді «оқшау тілдер» деп аталатын тілдерді меңгеру өте қиын. 2 тапсырма. 1. Мәтін такырыбы трус 2. Мәтіндегі тірек сөздерді анықта 3 тапсырма. Мәтіннен сан есімдерді көшіріп жаз.Олармен 3 сөйлем құра. 4-тапсырма .Берілген көмекші есімдерге жатыс септік жалғауын жалғап, сөз тіркестерін кұрастырыңыз. Үлгі: үстелдің үстінде Жанында алдында, ортасында

rimmochkapups9p0dicd rimmochkapups9p0dicd    1   08.10.2021 18:34    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi