Жұлдызды аспан көгінде Жұлдыздар туралы айтқанда адамдардың көбі түнгі аспанды көзімен
көруге болатын жарқыраған денелерді көз алдына елестетеді. Бірақ олардың
көпшілігі жұлдыздар емес, ғаламшарлар немесе жай газ бұлттары.
Жұлдыз - қызған газдан тұратын көлемді шар. Өте жоғары температурада
қызатыны сондай – олар жарқырап тұрады.
Жерден өте алыста орналасқандықтан, жұлдыздар кішкентай болып көрі-
неді. Күн бізге жақын орналасқан жұлдыз. Сондықтан ол үлкен болып көрі-
неді. Көптеген жұлдыздардың көлемі Күннің көлемінен бірнеше есе асып түседі.
(«Менің алғашқы энциклопедиям» жинағынан)
?
1. Жұлдыз бен ғаламшарлардың айырмасы қандай? Күн қайсысына жатады? Жер ше?
2. Адам есімін неге жұлдызбен байланыстырып қоятынын ойланып көрдіңдер ме?