Жұлдыздар жерден өте көп қашықтықта орналасқан. Жерді қозғалмайды деп ойлаудан және аспан денелерінің тепе-тең шеңберлік қозғалысының Пифагорлық принципінен көрінетін планеталардың жұлдыздар арасындағы ілмек тәрізді қозғалысын түсінуге тырысу ежелгі грек ойшылдарын әлем жүйесін таза геометриялық әдістермен қарастыруға себеп болды. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша Жер осыдан төрт жарым миллиард жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталардың тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ – тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген. Ай – Жердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі. Ол Жерді эллипстік орбита бойымен (1,02 км/сек жылдамдықпен) айналады. Жер мен Ай арасындағы орташа қашықтық 384 500 км. Ай орбитасы жазықтығы мен Жердің Күнді айнала қозғалу жазықтығының арасындағы бұрыш 50 градусқа жуық. Айдың эллипстік орбитамен шығысқа қарай бір тәулікте 13 оське жуық жылжуына байланысты оның Жерден қарағандағы көрінісі өзгеріп отырады. Осыған сәйкес Ай фазасы ауысады. Тірек сөздер
Жетекші сұрақтар
Мәтіннің негізгі ойы
Тірек сөздер
1.
Жетекші сұрақтар
2.
Мәтіннің негізгі Ойы
3.
помагите ​

Lubafili2017 Lubafili2017    2   06.05.2021 11:53    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi