Жүктілік патологиясы. Ерте кезеніндегі токсикоз. Гипертензиялық жағдайлар. Мерзімінен ерте және мерзімінен ұзарған жүктілік. Жүктілік кезіндегі инфекциялар. Ана мен ұрықтың изосерологиялық қарама - қайшылығы. Гестоз – жүктіліктің ең жиі кездесетін асқыынуларының бірі. Гестоз немесе токсикоз деп – тек жүктілік кезінде пайда болатын патологиялық құбылыстар мен аурулар тобын айтады. Гестозда барлық жүйелер, мүшелер, әсіресе жүрек-қан тамырлар, жүйке, бүйрек, бауыр, плацента, зат алмасу жүйелері патологиялық өзгерістерге ұшырайды. Бұл патологиялық өзгерістерден әйел босанғаннан кейін, немесе түсік тастағаннан кейін ғана айығады. Гезтос екі үлкен жікке бөлінеді:

Ι. Ерте гестоздар жүктіліктің Ι жартысында (1-3 ай аралығында) пайда болады.

ΙΙ. Кеш гестоздар – жүктіліктің екінші жартысында дамиды.

Ерте гестоздар: құсу, сілкей ағу, жүктілік дерматозы, сары ауру, остеомаляция, бауырдың жедел сарғайып солуы. Кеш гестоздар: жүктілік шемені, нефропатия, преэклампсия, эклампсия. Шетелде гестоздың екі клиникалық түрін ажыратады: преэклампсия және эклампсия. Преэклампсияға- жүктілік шеменін, нефропатияны және преэклапсияны жатқызады. Қазақстанда 1998 жылы акушер-гинекологтардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясында гестоздың даму дәрежесіне қарай оның жіктелуі және дәрігерлік тактикасы анықталды. Жүктіліктің екінші жартысындағы гестоздың жиілігі 7-16% аралығында, шетел авторларының зерттеулері бойынша 23% -ға дейін. Республикада жоғары дәрежедегі «қауіп-қатер» тобындағы әйелдерді ерекше есепке алып бақылау жүргізгенде жүкті әйелдер арасында гестоздың жиілігі жыл сайын артуы анықталған. Мысалы, бұдан 10 жыл бұрын гестоздың жиілігі 6-10% болса, қазіргі кезде 16%-23%- ға дейін артты, әсіресе оның ауыр қатерлі түрлері акушерия тәжірибесінде жиі кездеседі.

licicha licicha    1   04.09.2020 18:21    67

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi