«Жібек жолы» (үзінді)
...Отырардың бүгінгі құдіреті ше?.. Мәрмәр теңізінен басталып, ежелгі Бабыл жерінен шығып, Үнді жерімен өтіп, Хорезмді басып, Қытайға қарай жүретін «Бас Жібек жолы», «Жау жолы» осы қаланың үстінен өтеді. Саудагерлер Отырардың «Қан базарына» саудасын салады, кең сарайда қонып, дамылдайды, сосын тағы да таусылмас жолға шығады. Осының өзі туған қаласын салтанатқа бөлеп, байлыққа белшеден батыра берді. Атағын дүйім жұртқа жайды...
Әуелде араб жиһанкездері Отырарды «Фараб» не «Бәрәб» деп жазып жүрді. Отырарды қазір ғұлама, өнерпаз, көріпкел, сәуегей, зергер мекен етеді. Шаһарды екі жүз мыңдай халық мекендейді; көшесінде сан жүздеген тасболат там, жәдігер, кешендер бар; монша, мешіт, саудахана, қышхана, гүртхана, әсем әуіздер, қорған мен соқпақтар бар.
...«Жәдігер» деген — тастан салынған ымырат, «дің үй» деген — түрі киіз үй тәрізді күмбездеп салынған мекен, бұл екі құрылыс та шаһардың орталық көшесінде көп кездесетін.
Үй тас пен кешендерді көбіне диқандар мекендейді. Қаланың шеткі көшелерінде тасболат тамдар көп ұшырасады, тасболат тамдар киіз үй секілді дөңгелек емес, төрт бұрышты не қоржынды етіп салынған. Үйлерінің қабырғасы әрқилы әсем қыштан қаланған, оларға тән тұрақты құбылыс — есіктерінің біркелкі түстікке қарап тұруы еді. Тасболат тамдарды ұсталар, қолөнершілер, тоқымашылар жайлайды.
Д. Досжан
1.1-тапсырма. Берілген сөйлемді нақ осы шаққа айналдыр (Данное предложение напишите в собственно- настоящем времени).
1. Бұл құрылыстар шаһардың орталық көшесінде кездеседі.
Жауабы:
2. Тасболат тамдарды ұсталар жайлады.
Жауабы:

1.2-тапсырма. Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырып, өз сөзіңмен толық жауап бер (По тексту составьте 3 вопроса, ответьте на вопросы своими словами)
1.
2.
3.

1.3-тапсырма. Сөйлемді дұрыс құрастыр (правильно составьте предложение)
Шаһардың үйлер көшелерінде тасболат шеткі кездеседі көп.
Жауабы:
1.4-тапсырма. Берілген тапсырманың дұрыс нұсқасын тап (укажите правильный вариант)
Жауабы:
1.
2.

1. Тастан салынған ымырат ...
А
Жәдігер

Б
Дің үй

С
Киіз үй
2. Отырардың шеткі көшелерінде көбірек кездесетін ...
А
жәдігер, дің үй

Б
киіз үй

С
төрт бұрышты тасболат там

2. Жазылым. Сұрақтарға жауап жаз. (ответьте на вопросы)
2.1. Әбу Насырдың «Ізгі қала халқының көзқарастары туралы кітабы» не туралы?
Жауабы:

2.2. Ауыспалы келер шақ қандай жолмен жасалады? Мысал келтір.
Жауабы:

2.3. Өткен шақ дегеніміз не?
Жауабы:


2.2. Тест сұрақтарына жауап бер (ответьте на тестовые вопросы)
1. Кәсіпке, еңбекке қатысты мақал-мәтелді тап.
А. Ердің атын еңбек шығарар.
Б. Ақыл – арман, ой-өріс
С. Кітап білім бұлағы
2. Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақты қалай ажыратамыз?
А. мағынасына қарай
Б. жұрнақтарына қарай
С. жалғауына қарай
3. Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан қала.
А. Түркістан
Б. Отырар
С. Испиджаб
4. Нақ осы шақта тұрған сөзді тап.
А. жазады
Б. жазып отыр
С. жазды
5. Әл Фарабидің еңбегі қалай аталады?
А. «Ізгі қала халқының көзқарастары туралы кітап»
Б. «Жер астына саяхат» -мамандықтар сыры туралы кітап
С. «Жібек жолы»
6. «Жібек жолы» форумына кімдер қатысты?
А. 2010 қала тұрғыны
Б. 25 ірі қала мэрлері
С. 200 қала қонақтары

7. «Жібек жолы» жобасының мақсаты:
А. білім, еңбек
Б. мэрлердің таныстығы
С. сауда, туризм

medusya medusya    3   12.02.2022 19:28    16

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi