Ж.Ауыпбаев «Ашылмаған аралдар» кітабынан «Диктор» деректі әңгімесі. 3-сабақ Иә. Дегенмен, тарих үшін нақтылап айта кетейін, 6 наурызда біз елге ілеспе сөзбен Медеу мұз айдыны туралы шағын бір сюжет көрсеткеніміз бар. Бірақ бұл барлау, байқау ретіндегі хабар еді. Осыдан кейін дикторлық іріктеуден өттік.
Дикторларды таңдап алу сынына 100-ге жуық адам жиналды. Іріктеуді жүргізген адамдар – республика кинематографистерінің басшысы болған Ғалымжанова апайымыз бен радио және телевизия хабарлары жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Әбілғазин.
Шынымды айтайын, бұл менің мүлде көрмеген, білмеген жұмысым еді. Студия, камера, микрофон деген сөздерді сол уақытқа дейін тіпті естімеппін де. Іріктеуден өтіп, дикторлық қызметке орналастым.

LanaStreet LanaStreet    1   13.02.2022 10:14    37

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi