Зергерлік өнер
Зергерлік өнер-ерте заманнан келе жатқан көне өнер. Алтын, күміс, асыл тас және сүйектерді пайдаланып сақина, білезік, сырға, алқа, шолпы, қару-жарақ, ер-тұрман, белдік, пышақ, сандық зерлеу өнері болған. Оған тас, асыл тас, бояу, былғары пайдаланылған. Ғасырдан ғасырға жалғасып, жекеленген ұсталардың қолынан жасалған зергерлік бұйымдар халықтікі деп аталып кеткен. Өйткені ол зергерлердің аты-жөні туралы мағлұмат жоқ. Қазақ зергерлері қару-жарақтар: айбалта, шоқпар, садақ; үй мүліктері: жүк аяқ, ағаш төсек; аңшылық мүліктер (бұйымдар); музыка аспаптарын (домбыра, қобыз) жасаған. Қыздар және ерлер үшін түйме, белбеу, қыздар үшін түйреуіш жасаған. Әсіресе әйелдерге жасалынған ер-тұрманды күмістеп, өрнектеп жасаған. Осындай ердің бағасы он ірі қараға жеткен. Қазір Алматыда Қазақтың тарихи мұражайында зергерлік бұйымдар көрмесі бар. Сол мұражайдан көп және неше түрлі зергерлік бұйымдарды көруге және сатып алуға болады.

1-тапсырма. Мәтінді аудар.

2-тапсырма. Қазақтың қандай зергерлік бұйымдарын білесің?

3-тапсырма. «Зергерлік дүкенде» тақырыбына диалог құра.

особенно со 2 и 3 заданием

AlexDid000 AlexDid000    1   27.04.2020 15:04    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi