Өзендер пайла болуы мәтін керек өтініш​

yanaela2006 yanaela2006    1   19.01.2021 14:42    0

Ответы
КрутойМиха КрутойМиха  18.02.2021 14:43

Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су[1] немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.

Өзен

Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан, еріген қар мен мұздықтардан, қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Көптеген өзендер қыраттар мен таулардан басталады. Бірақ, төмен қарай ағып келе жатқанда оған өзгеде жылғалар, өзен-бұлақтар мен су көздері қосылады. Елді мекендердің басым бөлігі өзен жағаларында орналасады. Өзендер, сондай-ақ, ауыл шаруашылығына да қолайлы. Өйткені, өзен аңғарлары мен жазықтарының топырағы өте құнарлы болады.

Шөлді аймақтардың диқандары егіндіктерін жақын маңайдағы өзендерден арық тартып суарады. Өзендерде, сондай-ақ, электр қуаты өндіріледі. Өнеркәсіп жаңадан дами бастаған өткен ғасырларда, диірмендер, ұста дүкендері мен зауыттар ағысы қатты өзендердің жағасына орналасатын. Адам су екпінінің қуатын түрлі механизімдерді жұмыс істетуге қолданды. Өзендердің көлемі мен түрі әрқалай. Бірақ олардың бәріне ортақ нәрсе - өзен атаулының бәрі биік жерден басталады. Өзен суының тасуы да табиғи жайт. Өзен тасыған кезде оның арналары эрозияға ұшырап, шөгінділері шайылып, жаңа аңғарлар пайда болады.[2]

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi