Зат есімдерді құрамына қарай талдау. 1. Елге келгеннен бергі әдеті бойынша ол бүгін де төсектен тұрған бойда үй сыртындағы ақ құмның басына шығып бой сергітіп қайтпақшы еді. 2. Көз ашқалы көріп келе жатқаны қиындық екенін қайдан білсін? 3. Еламан мына май-май жылтыр қара кісілердің арасынан Мюлгаузенді көрсе де танымасын білді. 4. - Жоқты соқпа! Көліктерің тың тұрғанда қалаға қатынап қалу керек. 5. Сорлы әйелдің қатеге толы өмірін көңіл таразысына сап, ақ-қарасын анықтамапты-ау! (Ә.Н.). 6. Жаз мезгілі. Түс кезі. Күн ыстық. Қара жолмен жалғыз автомобиль асыға дүрсілдеп, шаңын бұрқыратып зымырап келеді (С.С.).