«Зар заман» толғауындағы үзінділерді адам бойындағы қасиеттермен сәйкестендіріңіз. 1. Мына заман қай заман?
 Азулыға бар заман,
 Азусыз тар заман. 
 2. Зарлығының белгісі:
 Бір - бірлерін күндеген,
 Жай-жайына жүрмеген,
 Мұның өзі — тар заман. 
 3. Бұл асылық, асқан заманда,
 Ұл туады атаменен егесіп,
 Қыз туады анаменен теңдесіп. 
 А. Көре алмаушылық
 Ә. Әдепсіздік
 Б. Қаскүнемдік 
 В. Әділетсіздік 
 Д. Мансапқорлық