ЗАДАНИЯ Жалпы, біз осы заманға сай сауда жасай аламыз ба? Саудаласу туралы не білеміз? Тіпті көптеген елдерде сауда жасау мәдениетіне қатысты арнайы ұстаным да бар. Мысалы, бұл ретте кез келген сауда жасап тұрған адам эмоцияға берілмеуі тиіс. Дүкенге барғанда дүкен сатушыларының амал-айласын және маркетингтік жүрістерді бақылап тұру керек. Сондай-ақ сауда жасауға қомақты қаржымен барудың да қажеті жоқ. Дегенмен бұл үрдісті керісінше ұстанып көп ақшаны қалтаға салып, базар аралауға, дүкенге барса жалақысының кем дегенде 30 пайызын сол дүкенге қалдырып кетуге бейім адамдардың бары да рас. «Осыдан барып елде айлықтан айлыққа әрең жететіндердің қарасы көбейіп келеді. Біз ақшаны тіршілік етудің бір құралы деп есептер болсақ, қолымыздағы қаржыны үнемдей білуді үйренгеніміз абзал» дейді сарапшылар. Ал оны қалай үнемдейміз? Сіз қалай ойлайсыз?
3) Мәтіннің мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.
A) Жалақысының кем дегенде жарты пайызын сол дүкенге қалдырып кетуге бейім адамдардың бары да рас.
В) Қолымыздағы қаржыны үнемдей жүргеніміз абзал
С) Елімізде айлыққа ғана қарап отырғандар өте көп.