ЗАДАНИЕ ВРЕМЯ НА ВыполНЕНИЕ: x
00:00
қолөнері
ТЕКСТ ЗАДАНИЯ
рока
Қазақтың ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнер, оның ішінде ою -
өрнек болып табылады. Ою - өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың
арман - ойының, тілек мүддесінің нышаны. Осы тұрғыдан алып қарағанда ою - өрнектің мазмұндық
ерекшеліктері сан алуан. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние. Оның
құндылығы орасан зор. Сонау жазу - сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке,
ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері»
деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар.
Қолөнердің өте көне әрі күрделі түрі – ою - өрнек өнері. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының
тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Ерте кезде тасқа, ағашқа, сүйекке түсірілген ою -
таңбалар келе - келе киізге, алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған. Ол белгі таңбалар
арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғарып, біліп отырған. Қазақтың ұлттық ою - өрнектері мен
атаулары көп. Ою - өрнек тарихына ой жіберсек, көп мағлұмат аламыз, даму кезеңдерін байқаймыз, уақыт
өткен сайын жетіле бергенін көреміз. Сонымен, ою - өрнек дегеніміз геометриялық және бейнелеу
элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып, үйлесімді құрылуы.
Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз

43446764949 43446764949    1   08.05.2021 12:10    3

Ответы
Vov1111 Vov1111  08.05.2021 12:20

мәтіннің негізгі тақырыбы қол-өнер туралы

дәлел

Қазақтың ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнер

Объяснение:

кате болса менен емес

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi