ЗАДАНИЕ №1 ВРЕМЯ НА ВЫПОЛНЕНИЕ:
12:32
ТЕКСТ ЗАДАНИЯ
Мәтінді мұқият оқып, тақырып қой және негізгі ойды анықта.
Халқымыздың бізге жеткен ою – өрнек үлгілері бай мұра, салқылмас қазына. Ою-өрнек - тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек. Заттың бетін өрнектеу үшін ісмерлер әртүрлі тәсілді қолданады. Олар: оймыштау, бедерлеу, шеку, қашау, тісеу, құрау тәрізді әрекеттер арқылы жүзеге асады. Әр өрнек белгілі бір бөлшектен құралады. Ғалымдар ою-өрнектердің 200-дей түрін анықтады. Аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер «ай», «күн» деп аталса, заттардың атауына байланысты өрнектер «балға», «балта», деген атқа ие, ал эпиграфиялық өрнектер, яғни жазуды өрнек тәріздендіріп, белгілі бір заттың бейнесіне келтіре әдемілеп, астарлап жазу мен ру таңбалары мен ел таңбаларға байланысты ою- өрнек элементтері:«тұмар», «айшық», «ашамай» деп аталған.
Халық шеберлері қолөнердің турлерін игере отырып көз қуантарлықтай тамаша өнер шығармаларын тудырған.
СОР