З проблемалық сұрақ құрастырыңыз . Жастар жадына ғаламтор жау Бір алқалы жиында елге танымал екі жазушы екі түрлі ой - пікір айтты . Зерделесек , екеуінің де айтып отырған сөздерінің жаны бар сияқты . Жарыққа шыққан кітапқа жылы лебізін білдіре келіп , бірінші қаламгер : « қазір жаһандану заманында қағаз басылымның маңызы жойыла бастайды , оның орнын ғаламтор басады . Адам өзіне керектіні ғаламтордан тауып алады да , газет - журнал , кітап оқуға жастардың құлқы болмайды » деп өзінше болжам жасады . Ал екінші бір жазушы : « Интернет заман қажеттілігі болғанымен , оның пайдасынан зияны көп » , - деп шыр - пыр болды . Оның уәжі мынаған саяды : « Рас , осы күнге дейін интернет арқылы қаншама дүниені оқып , білдік , ой өрісімізді кеңейттік , тамаша жаңалықтарды таптық . Үлкен жобалар іске қосылды . Мұның бәрін жоққа шығаруға болмайды . Алайда , бақылаусыздық , бейәдеп , тексерілмеген ақпарат , біреуге дәлелсіз жала жабу , ойына не келсе соны айтқан пікірлердің өріп жүретіні сияқты келеңсіздіктер де осы « шексіз кеңістікте » жетіп артылады . Бұл – бір . Екіншіден , оның айтуынша , авторын танып , беттерін парақтап , жастанып жатып оқыған кітаптан алған әсерді , интернеттен оқыған дүниемен еш салыстыруға келмейді . Бірақ заман ырқына көндіріп , дегенімен жүргізуде . Әсіресе , жастарды компьютерден алшақтату мүмкін болмай тұр . Сондықтан замандас жазушының : « Кітапты интернеттен оқығаннан гөрі оңашада қолға алып оқыған « сіңімді » болады . Жадыда ұзақ сақталады . Әлем ғалымдары кітапты қағаз күйінде оқудың адамның миына , рухани ләззат алуына тигізетін ықпалы зор екенін мойындап отыр » , - деген пікірімен толық келісеміз