Өз отбасың туралы шағын мәтін жаз.(7-8 сөйлем)​

ангелОк2512 ангелОк2512    2   21.09.2020 22:22    0

Ответы
Жориккот123 Жориккот123  21.10.2020 22:23

Отбасы жоқ адам қанатсыз құспен тең. Ал бір-бірін сыйлап, бірін-бірі сүйіспеншілікке бөлеп отырған отбасысы, бар адамдар өте бақытты жандар. Себебі қандай да бір қиыншылық болған жағдайда, отбасыңның ауызбіршілігі мықты болса, кез келген қиыншылықтан жұмылған жұдырықтай өте шығасың. Ал мен өзімді ең бақытты жанға теңеймін. Себебі менің отбасым қасымда. Маған ақылын айтып отыратын атам, маңдайым иіскеп айналып отыратын әжем бар. Отбасының барлық жағдайын жасап қамқорлық көрсететін әкем, дәмді асын дайындап, күннің шуағындай мейірімге бөлейтін анам бар. Білмегенімді үйрететін тәтем, меніңде кішкене болса да ересек екенімді еске жиі түсіретін інім бар. Мен отбасымның осы қалпынан таймай,бақытты өмір сүргенін қалаймын!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi