Өзіңді күту және сұлулық шығарма ​

Dhnsmvrxjns Dhnsmvrxjns    3   16.04.2021 13:44    1

Ответы
nazi33 nazi33  16.05.2021 13:44

Сұлулыққа әркімнің де бар таласы. Барлығы да сұлу, көркем болғысы келеді. Алайда осы жолда олар сырттың сұлулығы ғана маңызды деп ойлап, соған басымдылық беріп жатады. Бәрі өзіне күтім жасап, шашын бояп, бетіне опа-далап жағып, әдемі киінуге тырысады. Бірақ олардың бәрі сұлу емес. Ішінің сұлулығына мән беретіндері тіптен аз дер едім. Бүгінде қыздардың да былапыт сөздер айтып, темекі шегуі, ішімдікке әуес болуы үйреншікті болып барады. Ал бұлар қазақ қызына, жалпы қыз табиғатына жан нәрселер. Ол қыздың сыртқы сұлулығын құртады. Өз басым жаман әдеттермен дос қыздарды көргенде, олардан жиреніп кетемін. Меніңше, көп ізденетін, алдына асқақ арман қоятын, соған жетуіге ұмтылатын, білімге құштар адамдар – нағыз сұлу жандар. Олардың жүзінің өзі ерекше сұлу, көркем болып тұрады. Адамды өзіне еріксіз тартады. Ал айтқан әңгімесін естігенде, қасында та отыра бергің келеді. Міне, осындай адамдарды сырт келбеті мен жан-дүниесінің көркемдігі, әдемілігі келіскен, үйлескен нағыз сұлу жандар деп айтуға болады.

Объяснение:

надеюсь тебе

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi