Қызығушылықты ояту Мына суреттен не байқадыңыздар?
Кеше... Бүгін... Ертең...
Берілген үстеулерді қолдана отырып, суретті сөйлетіп көріңіздер.

Сұрақтар:
1.Кеше, бүгін, ертең – үстеулер. Үстеулер туралы не білетін едік?
2.Үстеулердің қандай ерекшеліктері бар?
Үстеу туралы ақпарат беріліп, таныстырылым ұсынылады.
Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай-күйін білдіреді.
Үстеу мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді:
1. мекен үстеуі: әріде, беріде, жоғары, төмен
2. мезгіл үстеу: ерте, кеш, бүгін, жаздыгүні
3. себеп-салдар үстеу: бекерге, амалсыздан, босқа
4. сын-қимыл: балаша, зорға, тез
5. мақсат үстеу: әдейі, жорта, қасақана
6. мөлшер үстеу: сонша, онша, бірталай
7. Күшейткіш үстеуі: өте, тым, ең
Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы, әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.
Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т.б.
1 Тапсырма, 4 бет. Сұрақтарға жауап бер.
1.Үйіңде ғаламтор желісі бар ма?
2. Ғаламтор желісін пайдалануыңа рұқсат ете ме?
3.Ғаламторды жиі пайдаланасың ба?
4.Саған ғаламтордың қандай пайдасы бар?
5.Сенің электронды потаң бар ма?
6.Электронды поштаны не үшін аштың?
2 тапсырма, 5 бет, 2 тапсырма. Электронды поштаңды жаз.
Досыңа бүгін не істейтініңді айтып, хат жаз.

UlianaUhanova UlianaUhanova    1   11.01.2021 07:10    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi