Қызметтік іс қағазына жататын құжат түрі: А)түйіндеме; Б)өтініш; В)мінездеме; Г)бұйрық; Д)анықтама. 2.Бұйрыққа кім қол қояды? А)орынбасар; Б)жетекші; В)қызметкер; Г)төраға; Д)орындаушы. 3.Ақпараттық құжатқа жататын құжат түрі: А)қолхат Б)сенімхат В)мінездеме Г)жеделхат Д)өтініш 4.Жеке адамға қатысты құжат түрі: А)хаттама; Б)бұйрық; В)өмірбаян; Г)жарғы; Д)хаттама. 5.Құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы қалай аталады? А)көшірме; Б)төлқұжат; В)куәлік; Г)түпнұсқа; Д)құжат. 6.Түпнұсқа жоғалған кезде берілетін құжат: А)үзінді; Б)төлқұжат; В)көшірме; Г)түпнұсқа; Д)жарғы. 7.Қызметтік хатқа жататын хат түрі: А)жеделхат; Б)ұсыныс хат; В)телефонхат; Г)хат; �)құттықтау хат. 8.Белгілі бір адамды сипаттау мақсатынды жиі жазылатын іс қағазының түрі: А)өтініш; Б)түйіндеме; В)өмірбаян; Г)мінездеме; Д)анықтама. 9. Ұйым басшысына белгілі бір ақпаратты,мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын құжат түрі: А)өтініш; Б)қолхат; В)өмірбаян; Г)бұйрық; Д)түсінік хат 10.Мекеменің немесе қызметкердің заңсыз іс-әрекетін көрсету мақсатында жазылатын құжат түрі А)жолдама хат; Б)шағым хат; В)ұсыныс хат; Г)сұраныс хат; Д)құттықтау хат. 11. Мекеме мен мекеме арасында жазылатын құжат түрі: А)сұраныс хат; Б)шағым хат; В)ресми хат; Г)ұсыныс хат; Д)жолдама хат. 12. «Құжат»деген сөз қандай мағынаны білдіреді? А)куәлік; Б)түйіндеме; В)қағаз; Г)ақпарат; Д)мінездеме. 13.Толтыру орнына қарай құжаттардың түрі: А)жедел және жедел емес; Б)ішкі және сыртқы; В)қызметтік; Г)жекелік; Д)ұжымдық. 14.Жасалу сатысына қарай құжаттардың бөлінуі: А)қызметтік; Б)кіріс және шығыс; В)түпнұсқа және көшірме; Г)ресми-жекелік; Д)мемлекеттік. 15.Заңдылық күшіне қарай құжаттардың бөлінуі: А)толық көшірме; Б)шын және жалған; В)ұйымдық-өкімдік; Г)шығыс құжат; Д)кіріс құжат.