Қытай ғалымдарының айтуынша, Айдан табылған Гелий-3 элементі Жердегі энергетикалық дағдарыстың алдын алуға көмектеседі. Егер а Айдан бұл элементті өндіріп алатын болса, одан алынатын энергия он мың жылға жетеді, - деп хабарлайды Huffington Post. Қытай ғалымдары осылай әлемге жар салудан бұрын Айды мұқият зерттеген. Жер серігінің беткі қатпарында термоядролық реакторға шикі өнім бола алатын пайдалы қазбалардың көп екендігі белгілі болды. Гелий-3 – Жерде өте сирек кездесетін элемент, себебі Күн сәулесінің атмосфера қабаттарынан өтуі кезінде аталған элементтің изотоптары тыста қалып қояды. Ал Айда ешқандай ауа қабаты болмағандықтан, Гелий-3 ол жақта өте көп. Қытай ғалымдары Гелий-3 элементін Ай бетін 600 градусқа ысыту арқылы бөліп алуды жоспарлап отыр. Содан соң шикі материалдар Жерге жіберілетін болады. Mail Online газетінің сараптамалық жұмысында небары 40 тонна Гелий-3 элементі бүкіл АҚШ территориясын бір жыл энергиямен қамтамасыз ете алады делінген. Ал Айда бұл элементтің 10 миллион тонна қоры бар екені анықталды.
Әзірге Қытай Айдағы табиғи байлықты игеру мақсатындағы қазба жұмыстарын бастау уақыты туралы ештеңе айтқан жоқ. Ал америкалық зерттеушілер бұл жобаның қанша қаржыны қажет етеніні туралы сараптамалық талдау жасауда. Huffington Post газеті Айдан қазып алынған әрбір тонна Гелий-3 элементінің құны орташа есеппен 3 миллиард АҚШ долларына тең болатынын жазады. Бұл – Жердегі мұнайды қолданғаннан әлдеқайда арзан әрі Жер үшін өте пайдалы болады.
2. Мәтіннен мына сөздің синонимін табыңыз.
Жария ету - [1]
3. Мәтіннен мына сөздің антонимін табыңыз.
Қымбат - [1]
4. Берілген сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз (перифраза).
40 тонна Гелий-3 элементі бүкіл АҚШ-ты бір жыл энергиямен қамтамасыз етеді.
АҚШ[1]
5. Берілген сұраққа өз ойыңызды білдіріп, жауап беріңіз.
Гелий-3 элементінің артықшылығы неде?
[
2. Жария ету - жайып салу
3. Қымбат - арзан
4. 40 тонна Гелий 3 элементі АҚШты бір жыл бойы энергиямен қамтамасыз етеді екен.
5. Оның бір энергиясы көпке жетуі мүмкін. Артықшылығы сонда деп ойлаймын .