Үйсіндердін Қолөнер мен сауда. ​

OxanchikG OxanchikG    3   08.02.2021 08:19    0

Ответы
OkumRin OkumRin  08.02.2021 08:20

Үйсіндердің үй кәсібі, қолөнер дамыған. Әсіресе керамика ыдыстар жасау кең өpic алған. Ыдыстар пайдаланылуы жағынан — тамақ ішетін, тамақ пісіретін және шаруашылық (азық-түлік қорын сақтайтын) ыдыстар болып бөлінеді. Тамақ ішетін ыдыстардың ішінде ағаштан (негізінен алғанда қайыңнан) ойып жасалғандары да болды, бұлар — тағандары бар шағын табақтар, текше тостағандар, ожаулар болып келеді.

Үйсіндерде құмырашылық кәсібі барынша дамыды. Ыдыстар құмырашы ұршықшасында жасалды, сондай-ақ құм толтырылған мата қалыпқа қолдан жапсырылып та жасалды. Керамиканың іш жағында және түбінде матаның таңбасы кездесіп отырады. Ыдыстың қабырғасы жолақ-жолақ болып өсіп отырады, ал жолақтар бірімен-бірі қосылған жіктер сыланып, үстінен түсті бояумен боялады. Ыдыстар түрі жағынан да, пайдаланылуы жағынан да алуан түрлі болды. Ең көп таралған ыдыс түрлері мыналар: дөңгелек кең түпті тегенелер, олар ішінен жиегі иілген, тік жиектілері сирек, бүйірінің биіктігі мен диаметрінің арақатынасы 2: 1; түбі дөңгелек немесе сирек болса да, жайпақ және аузы тар тостағандар. Жалпы алғанда алмұрт тәрізді болып келетін құмыралардың ерекшелігі — мойны тар, биік немесе түбі кең болады. Текше тостағандар екі түрлі: аласа жатаған (биіктігі мен диаметрі бірдей) және биік. Тұтқалары ілмек тәрізді немесе шығыңқы етіліп, бүйірінің ортасына немесе ернеуіне бекітілген, биік текше тостағандарға бүйірінің ортасында ғана болатын тұтқа тән. Козелердің аузы тар немесе кең, түбі жайпақ және иіні ішке қарай сәл иіліңкі болады. Ac пісіретін керамикадан табылғаны — жентектелген балшықтан қаралай күйдіріліп, алуан түрлі көлденен және тік құлақ шығарылған, қалың, жайпақ қазандар.

Үйсін ыдыстарының негізгі түрлері — жарты шар тәріздендіріліп жасалған тегенелер мен кеселер, ілмек тұтқалы текше тостағандар, алмұрт тәріздес құмыралар, бүйірі қалың тобатайлар, жапсырма құлақ шығарылған қазандар. Тұтқасы мен шүмекшесі бар шәугімдер, тікше құтылар, су таситын шүмекшелі құмыралар кездеседі. Біздің заманымыздың басындағы керамикаға қызыл түс пен бүйірінің тіктігі тән. Кейінгі кезенде, III—V ғасырларда, түбі дөнгелек ыдыстар аз кездеседі, жайпақ түптілері көбірек ұшырасты.

Ежелгі үйсіндердің шаруашылығында темір, мыс және асыл металдарды қазып алу, қорыту және өндіру маңызды орын алды. Темірден, мыс пен қоладан еңбек құралдары, тұрмыс және табыну заттары — балталар мен шоттар, орақтар мен пышақтар, біз бен шеге, қазандар мен құрбан шалатын ыдыстар, кішкене мехраптар мен шырағдандар, қару-жарақ, қанжарлар мен жебелердін үштары және сәндік заттар — білезіктер, сырғалар мен сақиналар жасалды. Алтьшнан ерлер мен әйелдер киімінің, бас киімінің және қаруының әшекейлері, көлемі мен бітімі әр түрлі қаптырмалар жасалды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi