Ынтымақты отбасы (өсиет әңгіме) өткен замандарда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. отбасындағы адамдар саны өте көп екен, олар бір қауым ел болып бірге тұрып- ты. бұл отбасының өзара татулықта өмір сүруі елді таңғалдыра- ды. оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен. бірде бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. патша естігенін анықтау үшін, сол ауылға келеді. ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. сыйластығы жарасқан ынтымақты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. бұған патша таң-тамаша отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қа- лай жеткендерін айтуын өтінеді. қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспен-Шілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мүқият жазып шығады. үш сөзді оқыған патша таңғалып: бәрі осы ғана ма?- деп сүрайды. -иә. барлық ынтымақты отбасылар тек осы қасиеттерден күра- лады, - деді де, сәл ойланып «шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды. Пікір дәлел мысал қорытынды

nasi nasi    1   19.10.2021 09:21    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi