Қымыз – жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі . Қымыз – халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамы . « Ауруға ем , сауға қуат дәрі қымыз » , – деді Жамбыл атамыз . Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі . Қазақтар жүздеген жылдар көлемінде қымызды айырықша ыдыста торсық және сабада дайындаған . Қымыздың сапасы ең алдымен ұйытқыдан басталады . Қазіргі кезде қымыздың микрофлоры құрғақ түрде жақсы сақталады . Қымыздық ұйытқы ретінде көктемде , қымыздық мезгілдің басында ұйытқы қолданылады . Ұйытқыны күзде дайындау үшін қымызды бірнеше тәулікке қалдырады және ол екіге - жоғарғы мөлдір және төменгі ірімшіктік қабатқа бөледі . Бұл тұнбаны селдір матада сығып алады да , күнге кептіреді және келесі маусымға ( мамыр ) дейін жабық ыдыста , салқын жерде сақтайды.Ұйытқыны тірілту үшін ұнтаққа буландырылған бие сүтін 3-4 ас қасығына есептей отырып , 5 литр сүтке араластырады және дүркін - дүркін араластырып отыру арқылы жылы жерде бір тәулік сақтайды . Бір тәуліктен соң ұйытқыны қымыз дайындау үшін қолданады . Одан әрі қарай қымызды жасап шығару үшін енді ұйытқыны емес , кәрі қымызды 1 литр қымызға 6-7 литр бие сүтін есептей отырып қолданылады . Қымызды дайындау үшін булы бие сүтін ұйытқымен бірге сабаға құяды да , түнге қалдырады . Келесі күні әрбір сауыннан аши бастаған сүтке бірнеше жаңа бөліктерін қосады , жақсылап араластырады да , 10-15 сағат сақтайды . Дегенмен , мұндай әдіспен алынған қымыз әлі әлсіз және аз газдалған , қою , тағы да мұқият араластырады да бір күн қоя тұрады . Мұндай өндеудің нәтижесінде екі күндік орташа қымыз пайда болады . Дайын қымызды басқа ыдысқа құяды . Қымыздың бабы пісу мен сапыруға байланысты . Жиі - жиі піскен сайын қымыздың дәмі кіре береді . Ал , пісуі жетпеген қымыз ірімтіктеніп , суы бір бөлек , тұнбасы бір бөлек болып , бұзылып , сапасын жояды . Бие сүті ең алдымен қазақтарды кеңінен жайылған аурудың бірі болып отырған құрт ауруына бірден - бір ем . Қазіргі кезде қымыз көптеген ауруларды , атап айтқанда өкпе ауруларын емдеуде , қан айналу жүйесіндегі қан тамырларының жұмсақтығы мен беріктігін қамтамасыз ететіні , қандағы қызыл қан түйіршіктерімен ( эритроцит ) гемоглобин синтезіне әсер ететіні , ағзада жүретін зат алмасу процестерін жақсартып , жалпы иммунитетті күшейтетіні анықталған . ( 311 сөз ) ​


Қымыз – жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі . Қымыз – халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы үздіксіз

funisinfinity26 funisinfinity26    1   16.03.2021 12:07    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi