Ғылыми фантастика — көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме және т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр. Ғылыми фантастика өнердегі дербес жанр ретінде XX ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән. “Фантастика” ұғымының өзі де қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. Әдебиетте ғылыми фантастика ғылыми поэзия және ғылыми проза болып екі пішімде қалыптасты. Қазіргі қазақ әдебиетіне ғылыми фантастика дербес жанр ретінде XX ғасырдың 70—80-жылдары республика жазушыларының шығармалары арқылы қалыптасты. Зерттеушілер қазақ әдебиетіндегі ғылыми фантастика жанрының алғашқы белгілерін ертегілерден (“Ер Төстік”, “Ұшқыш кілем” т.б.), аңыздардан (“Қорқыт ата”, “Бабатүкті шашты Әзіз” т.б.) таратып, болашақты болжай білген халық қиялының ұшқырлығына тәнті болуда. Кинода ғылыми фантастика жанры XX ғасырдың басында қалыптаса бастаса, бейнелеу өнеріндегі ғылыми фантастика жанры көбінесе көркем шығармалардың сюжеттері негізінде қалыптасқан.
Оқылым мәтіні бойынша 2 проблемалық сұрақ құрастырыңыз.