Ғылымдағы секілді, фантастиканың да өзінің мәңгілік тақырыптары бар. Және олар уақыт пен кеңістікке саяхат, жасанды интеллект, жерден тыс әлемдегі өркениет, тіршіліктің басқаша формалары сияқты жұмбақ жайттарды қамтиды. Ең бастысы, өткенге немесе болашаққа қатысты әлдебір әлемнің, белгілі бір сәттің бейнесін кейіптей отырып, фантаст-жазушылар оқырман қиялының көкжиегін мейлінше кеңейтеді. Фантастикалық шығармалардың міндеті мұнымен ғана шектелмейді. Яғни бұл жанр әлдебір ғылыми жаңалықтың адамның өмірі мен қоғамның дамуына тигізер әсерін көркемдік тұрғыда ұғынуға көмектеседі. Мәселен, қай кезде де ғылыми жаңалықтар бірыңғай жақсылық алып келе бермейді. Кейбір озық ойлардың теріс мақсатта пайдаланылып кететін де кезі жеткілікті. Осы ретте фантастикалық туындылар ғалымдарды ғылым адамына жүктелер бүкіл адамзат пен болашақ алдындағы жауапкершілік жөнінде ойлануға мәжбүрлейтіндігімен де құнды.
Фантастиканың берік іргетасы сонау замандағы ауыз әдебиетінде-ақ қаланған қазақтай талантты халықтың бүгінгі қаламгерлері «Аватар» мен «Гарри Поттерлерді» он орайтын өрелі шығармаларды әлі-ақ өмірге әкеледі. Әрине, мүмкіндік туғызылған жағдайда...
Роза РАҚЫМҚЫЗЫ
"Алаш айнасы" газеті 22 маусым 2010 жыл мәтін стилі қандай 3 дәлел

Znatok00011 Znatok00011    2   22.05.2020 09:18    12

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi