Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен шығармашылық қызметі қазақ халқының тарихындағы жарқын беттердің бірі болып табылады. Жәңгір хан – өзінің қысқа ғұмырында ғылымға ден қойып, ағартушылық жұмыстарын жүзеге асыруды мақсат тұтқан қазақтың алғашқы оқыған билеушісі. Қазақ даласындағы ең алғашқы мектепті Жәңігір хан ашты. Жәңгір хан XIX ғасырдың 30-шы жылдарының орта тұсында хан ордасында орталық мектеп ұйымдастыруды ойластыра бастайды. Оның ойы бойынша, бұл мектептің балаларды Ресейдің арнайы оқу орындарына түсу үшін дайындауы керек еді. 1841 жылы хан ордасында алғашқы мектеп ашылды. Мектепті ұстап тұру шығындарын хан өз мойнына алды. Жәңгір хан 1845 жылы дүниеден озды. Ол өзі қайтыс болғанға дейін мектептің шығындарын жеке қаражатынан төледі, тіпті, шәкірттердің сынақтарын да өзі өткізіп отырды. Іс жүзінде ол мектептің алғашқы ұстазы болды, ал татар Садриддин Аминов мектеп ісі бойынша оның көмекшісі қызметін атқарды. Кейіннен Орынбор кадет корпусын тәмамдаған бұл мектептің түлектері алған білімдерімен қатар офицер шендеріне де ие болды. Алғашқы мектеп Қазақстанның жалпы мәдени қозғалысында маңызды роль атқарды. Жәңгір хан: «Біздің балаларымыз білім ала отырып, қоғамға қызмет ету үшін қажет барлық ғылымдарды үйренетін болады. Мұның бәрі мені қуантады. Өйткені, білімге қол жеткізу – менің халқым үшін үлкен бақыт!» - деп жазған еді. Сондай-ақ көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог, ғалым-этнограф, ақын, прозашы, қазақ жазба әдебиеті мен қазақ әліпбиінің негізін қалаушы, орыс жазу таңбалары негізінде қазақ әліпбиін құрастырушы — Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен шығармашылық қызметі қазақ халқының тарихындағы жарқын беттердің бірі болып табылады.
О чем этот текст
Бұл жерде Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны мен қызметі туралы айтылған.
Объяснение:
Дұрыс болса рақмет айтудың қажеті жоқ