Ыбырай Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі. 4-сабақ Сыни хабарламаның кіріспе бөлігін анықта. Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы – еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар. Соның бірі – «Атымтай Жомарт» әңгімесі. Жазушы «Атымтай Жомарт» әңгімесінде еңбекті дәріптейді.
Ешнәрсеге мұқтаждығы жоқ Атымтай еңбектен ұдайы қол үзбейді. Бұл ел аузында ертегі жыр болып кеткен, ежелгі араб жұртының әңгімесі болатын. Ыбырай осы ел аузындағы ертегіні балаларға арнап әңгіме етіп ұсынды. Автор кейіпкері ашқа тамақ бергендігін, жағдайы төмендерге көмек бергендігін айта отырып, Атымтайдың қолы ашық екендігін айқындайды. Сонымен қатар біз шығармадан кейіпкердің мейірімділігін, жанашырлығын, сабырлылығын байқай аламыз.
Әңгіменің идеясын да, кейінгілерге үлгі боларлық жағы да Атымтайдың сөзінен айқын көрінеді. Атымтай бір сөзінде: «Күн сайын өз бетімен тапқан пұлға нан сатып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады екен», – дейді. Автор «Еңбекпен табылған нан тәтті» деген қорытындыға келеді.
так так и вот ответ :)
Объяснение: