Үй тапсырмасы Марқаның жағасы ерте кеуіп, ерте көктеді. Жауқазыны қарды жарып шыға беретін тау бөктерінің былтырғыдан қалған күреңсесі күлтеленіп, каулай тебіндеп келе жатқан көкпен араласып, ала шабырланып жатыр. Тау ішінде көкжиек жакын болады. Тауда турғанда аспан да аласа көрінеді. Сол көктемгі көкжиек - қоп-қою жалқынды сағым іркіліп барып, әлгі көк күмбезімен көмкерілген. Жазғытұрымның кірбіңсіз ашық аспаны мөлдіреп, көлде көрініс беріп тұр . Кілкіген жұқалаң мұнар арасынан оқшау көрініп, мұнда-мұндалап аппақ болып жататын Тарбағатай шың кұздарын ұзын нан узак созылған жіп-жіңішке ақ бұл екіге бөліп, аспан тауына ұқсайтын. Енді-енді бүршік атып, көктемнің шуағына алаканын жая бастаған орман соңғы нөсерден жаңа ғана ес жиып бусанады. Көктемгі ауада сарай ашар жағымды саумал иісі бар. Сымпылдай ұшып келген бір топ шүрегей Маркакөлдің айдынын төсімен
тілгілей конды да, мамырлап жүзе жөнелді.
Бөлек жазылатын
сөздер
Дефис арқылы жазылатын сөздер
Бірге жазылатын | сөздер