Ы.Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі Жомарт өзінің басты құндылығы: қайырымдылығымен, асқан жомарттығымен ел ішіне аңыз болып тараған. Сіздің ойыңызша, «Қазіргі кездің Атымтайлары» деп қандай адамдарды айтуға болады? Ойыңызды жүйелеп, нақты дәлелдемелер келтіріп, әдеби эссе жазыңыз. Көлемі 80-100 сөз​

Df77 Df77    3   23.12.2020 13:29    2

Ответы
Glenchittt1 Glenchittt1  22.01.2021 13:42

Қазақ тумысынан жаны жайсаң, кеңпейіл, жомарт халық. Бойында мұндай қасиеттері бар жанды Алла Тағала да жақсы көреді. Жомарттық жасау үшін адамның күш-қуаты, байлығы, ақылы болуы керек. Білеміз, байлық пен барлық та аспаннан өз бетінше жаумайды. Көл-көсір табыс тамшылаған маңдай термен, тынымсыз еңбекпен келеді.Ал, Ыбырай Алтынсариннің«Атымтай жомарт» әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ болса да, Атымтай ылғи жұмыс істейді. «Күн сайын өз бейнетіммен, тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады», – дейді ол. Осы арқылы Ыбырай еңбектің мәні мен маңызын ардақтап көрсетеді.Жалпы қорыта келе,бүгінгінің Атымтайы мен кешегінің Атымтайының мәні өзгермеген.Жомарттық жылдар бойы жалғасып келеді.Дәулетті жандар жұпынылау күй кешіп жүргендерге қол ұшын созып, жәрдем етіп жатады. Ондай жандарға Алланың нұры жаусын дейміз.Қашаған жырау айтып кеткендей, «Атымтай Жомарт» салып кеткен жолмен жүріп,бақыт пен дәулет қонған елге айналуымыз керек!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi