Выпишите из этого текста слова по правилу сын-қимыл үстеуі 5-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Қою қаріппен берілген сөздердің ма-
ғынасын сөздіктен қара. Негізгі және қосымша ақпаратты анықта.
Қазақ жері неткен көркем, неткен бай! Елі алып, жері ұлан-ғайыр.
Қазақстанның картасын қараңдаршы: оның алып, ұлан-ғайыр екені -
не көз жеткізесің. Қазақстан аумағы 2724,9 мың шаршы километрге тең.
Қазақстан шекарасының ұзындығы 15000 километр. Тіпті Қазақ жерінің
Шығысынан батысына қарай күн үш сағат өтеді екен. Осындай алып жер-
ге шикізат пен қазба байлықтарды қос! Қазақстан шикізат, қазба байлығы
жағынан дүниежүзіндегі 186 елдің ішіндегі ең бай он елдің қатарына кіреді.
Қазба байлықтар қорынан мынадай орын алады: қорғасын, вольфрам қоры
бойынша 1-орын, күміс пен мырыш қоры бойынша 2-орын, марганец қоры
бойынша 3-орын, мыс қоры бойынша 4-орын, уран қоры бойынша 5-орын,
алтын қоры бойынша 6-орын, темір кені бойынша 7-орын, жанғыш көмір,
газ қоры бойынша 9-орын, мұнай қоры бойынша 13-орын. Бұл - галамат
байлық.
Орталық Қазақстанда көмір, жез, қорғасын, мырыш, құмтас ондіріледі
Мұнда көмір қоры 200 миллиард тоннадан асады екен. Солтүстікте алтын,
темір, шығыста қорғасын, мырыш, оңтүстікте қорғасын, оңтүстік, шығыс,
солтүстікте мәрмәр кенорындары бар.
Батыста, Каспий жағасындағы құрлықта 2,2 миллиард тонна, су астын
да 4,5 миллиард тонна мұнай жатыр. Аралдың айналасында 350 миллион
тонна мұнай бар. Мұнай құбыры 10715 шақырымға созылған. Міне, қазақ
даласы - осындай! ​

Angelina000477 Angelina000477    1   15.02.2021 12:28    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi