Всем привет?Бұл қандай эссенің түріне жатады?Өтініш Отбасы-сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан –отбасынан басталады» дегендей, отанды сүю отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – баланың алғашқы ұжымы.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл – ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата –ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке –бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

valeria575 valeria575    3   09.02.2022 17:56    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi