Все ! жазылымберілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.1. қазақ ұлттық қолөнері қазіргі кезде көпшілік қазақ ұлттық қолөнер бұйымдарына қызығушылық танытуда. қазақ ұлттық қолөнеріне нелер жатады? ойыңызды эссе түрінде жазыңыз.2. саяхат және туризмсіз саяхаттағанды өте жақсы көресіз. биыл жазда да еліміздің көптеген аймақтарына саяхат жасадыңыз. саяхат өте тамаша болды. сол уақытта қандай көрікті жерлер көрдіңіз? қандай қызықты оқиғалар болды? ойыңызды сипаттама мәтіні түрінде жазыңыз.3. абайды оқы, таңырқа! сіздер сабақта абай туралы ақпаратпен таныстыңыздар. мұғалім абайдың өмірбаянын жазуды тапсырды. өмірбаян стилін сақтап жазыңыз. все ! ​

Lis666lis Lis666lis    2   07.05.2019 08:52    6

Ответы
iPadmaksi123 iPadmaksi123  09.06.2020 14:32

Қазақтың ұлттық қолөнерінің бірнеше түрі бар. Оның шығу тарихы әріде жатыр.Ата-.бабаларымыздың көшпенділік өмір сүргенін тарихтан білеміз. Күнделікті тұрмысты да халұымыз көшпенділік өмірге бейімдеген,мал шаруашылығымен айналысқандықтан, оның өнімдерін,жүнін,терісін қолданған. Киіз үйде тұрғандықтан,үй жабдықтарының бәрін қолдан жасаған. Сөйтіп, күнделікті тіршілік қолөнеріне айналады.

Айталық,жүннен киіз басады,ол жылы төсеніш.Қабырғаға тұтатын киізді тұскиіз деп атайды, оған түрлі-түсті жүннен,бертін келе маталардан ою-өрнектер салына бастады. Жүннен ұршықпен жіп иіру өнері,жіптен киім тоқу әлі күнге маңыздылығын жоймай келе жатқан қолөнері десек қателеспейміз. Жіптерден өрмек тоқу арқылы түрлі көз жауын алатын алаша,кілемдер дүниге келген. Қолөнерінің тағы бір түрі- құрақ құрау. Әдемі түрлі-түсті матадан құралған көрпешелер жүк аяқтың үстіне жиналады.Жүкаяқ-сандық тәрізді көрпе жинауға арналған жиһаз түрі.Оны ағаш ұстасы ағаштан жасап,сүйекпен,тастармен безендіреді. Асыл тастарды зергерлік бұйымдар жасауға да пайдаланады. Зергерлердің қолынан шыққан білезік,сырға,алқа,сақиналарды қазіргі кезде көрмелерден көріп жүрміз.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi