ВОТ ТЕКСТ : Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп: - Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? - дейді. Қырғауыл: - Жақсы, өзің қалай тұрасың? - дейді. Түлкі: - Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? - дейді. Қырғауыл: - Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, - дейді. Түлкі: - Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, - дейді. Қырғауыл: - Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, есітсін, - дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Қырғауыл: - Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? - дейді. Түлкі: - Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, - дейді міңгірлеп. \127 сөз\
Это какой язык? Казахский?