внизу надо ответить на вопросы. Текст
3.1 Ұйымдық құжаттар

Басқару құрылымы және құжат толтыру

Кәсіпорын үлкен болған сайын, оны басқарудың жүйесі де күрделене түседі. Олай болса сізге өкілеттілікті ажыратуға, құжат толтырудағы бірлескен іс-әрекетке жауаптырақ қарауға тура келеді.

Жарғы мен құрылтай шарты компанияны ашу, қайта құру және тарату жұмыстарын тек құрылтайшылар мен акционерлер ғана істей алатынын белгілеп береді. Олардың жиналысы ғана кәсіпорынның ұзақ мерзімді түпкі мақсатын айқындайды, компанияның басшылығын (директорлар кеңесін) сайлайды не тағайындайды. Бұл органның құрамына кәсіпорынның ішкі бөлімшелерінің директорлары және басқа кәсіпорындардың, қаржы мекемелерінің өкілдері, менеджерлер мен ғылыми қызметкерлер кіре алады (18, 82-83).

Жоғарғы басшылық органы тек маңызды мәселелерді ғана қарастырады. Атқартушы органның басшысы кәсіпорынды тікелей және күнделікті басқаратын президент не бас директор болуы мүскін.

Ағымдағы басқару құрылымы орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған болуы мүмкін. Орталықтандырылған құрылымда барлық қызмет басқару жөніндегі вице-президентке бағынады. Басқа вице-президент (өндіріс, транспорт, өткізу, қаржы т.б. бойынша) президентке бағына отырып, бөлімдер мен қызметтерді тікелей басқармайды.

Орталықтандырылмаған жүйе – арнаулы қызметтердің вице-президенттерге бағынуын қажет етеді.

Басқарудың өзара бағыныштылық тізбегі кәсіпорынның көлемі мен басқару қызметіне байланысты екі, үш және төрт звенолық жүйеден тұруы мүмкін. Басқарудың түпкі мақсатын таңдауда ең алдымен барлық басқару бөлімдерінің бақылаудаболуын, жауапкершілігін және қызметтердің нақты бөлінісін, тиімділікті басшылыққа алған жөн.

Кәсіпорынның ағымдағы қызметі бойынша ұйымдық құжаттарды жасауда дәл осындай мәселелер шешіледі.

Бақылау сұрақтары:

1.Мазмұны бойынша құжаттар қалай топтастырылады?

2.Ұйымдық құжаттарға қандай құжаттар жатады?

3.Ұйымдық құжаттардың ерекшеліктер неде?

4.Штаттық кесте дегеніміз не?

5.Қызметтік нұқаулық дегеніміз не?

2- тапсырма.Берілген лекция негізінде 10 сұрақ ойлап жазып ,жауап беріңіздер..

1...

2...

3...

жал,астыр

trushanov926 trushanov926    3   10.02.2021 09:57    5