Внимательно прочитать текст и ответить на вопросы Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды.
Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады.
VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн т.с.с көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін.Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды. Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды. Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әр түрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын.
1. Ұлы Жібек Жолы қайда басталады?
2. Жібек Жолы қай ғасырларда қызмет етті?
3. Ұлы Жібек Жолы бойында қандай қалалар болды?
РЕШИТЕ

nikita06556 nikita06556    1   06.02.2021 09:00    0

Ответы
Gaga1111111 Gaga1111111  08.03.2021 09:00
Қытай жерінен басталдыЖібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті.Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн т.с.с.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
honeydrink34324 honeydrink34324  08.03.2021 09:00
Ұлы Жібек Жолы Қытай жерінен басталған. Ол б.з.д. III ғ. пайда болып, XVI ғ. дейін қызмет етті. Ұлы Жібек жолы бойында көне қалалар орналасқан.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi