Қурайлы көлін қоршаған қалың егінші, түнде жауын болғандықтан жердің дегдуін күтіп,бүгін егінге күндегіден кешірек шыққан.Біреу өгіз,біреу ат, біреу түйе, қайсыбіреу аралас жегіп,қым-қиғашқимылдаған жұртты Олжабек пен Жамал көріп келеді.Ертемен ауылдан шыққан айқай-ұйқай дауыстарды да құлақтары анық естіді:--Әй,егеуді қалдырма,егеуді!--Аналар барып жырта бастады...--Мәулікейді оятыңдар,Мәулікейді!Егіс басталғалы бірқатар күндер өтсе де, ауыл әлі даурығуын қойған жоқ. Көз алмай ұарап келе жатқан Олжабек қабығын бір шытып күбір етті:--Жұмыстарында өнім жоқ.Өгіз бен сиырды аралас жеккен бір бөлек егінші қара жолды жиектей соқасын жаңа ғана салған екен. Олжабектер келіп солардың қасына тоқтады. Олжабек көзі көліктерде.--Ана сиыр бұзау бере ме,енді!Обал-ай...деген ойда тұрғанда:--О,жігітім, жол болсын,-деді егіншілердің ішіндегі сақалды біреуі.Жасы үлкен адамға сәлем бермегені есіне түсіп,Олжабек:--Ассалаумәлейкүм,- дегенде, түйенің үстінде отырған Жамал мырс етті. Егінші де күліп жіберді.--Е,бәсе, жасын кіші көрінеді ғой , шырағым,-деді де сорайған мойнын соза түсіп Жамалға:-Есенбісің,балам.Ал, жөніңді білдір.Танымадық,-деді Олжабекке.Олжабек жөнін жөнді айтпады.Сұрастыра келе шалдың кім екенін өзі жақсы біліп алды. Оған кездескен осы елдегі «Пышақшы Мешел» дейтін адам еді,білгенінше жай-жапсардың бәрін айтты. Олжабек сұрай берді...--Отағасы, сонымен колхоз егінін салып жатырмыз де.--Иә, шырағым,әйтеуір қауым болып кіріскен іс қой,тәңірі тек оңын берсін.--Осы маңдағы елдің бәріде колхоз болды ма?--Колхозсыз жер бар дейсіз бе?--Кім қалпында отыр дейсіз.--Бәсе,ел елдің бәрі-ақ осыған келді деседі ғой.--Дегенмен, «Ортақ өгізден,оңаша бұзау» жақсы да.--Әй, балам-ай, ол заман мен бұл заман бір ме?Заманына қарай амалы да бар емес пе?!Озаглавьте текст и сделайте план по тексту мнеЗаранее