-upu uop CC LC-U21302e5a 1-мәтін
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын
адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай
еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім
- жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын
Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.
2-мәтін
Төле би ел арасында "Қарлығаш әулие" атанып кеткен екен. Аңыз бойынша, елге жоңғарлар шауып,
ауыл адамдары үйлерін тастай қашқан. Осы уақытта тек Төле би ғана түтінін бұзбастан орнында отыра
беріпті. Ауылға басып кірген жоңғар қонтайшысы түтінін тұтатқан жалғыз үйді көреді. Ел үдере
көшкенде, өзінен қорықпай отырған адамның кім екенін білмекке кiсi жібереді. Баса көктеп үйге енген
жоңғарлар жөн сұра бірден жауап алмаққа дүрсе қоя береді. Сонда Төле би жоңғарларға
амандықсыз сөз бастағанын айтып, бір тықыртса, көшпеуінің себебін айтып, екінші тықыртқан екен.
Жұртпен бірге бас сауғалап, үйін тастамағанының себебін би былай түсіндірген екен: "Биыл
шаңырағыма қарлығаш ұя салған екен. Балапандары қанаттанғанша үйімді бұзбайын деп шештім. Жау
жағадан алды екен деп ұясын бұзып, балапандары шырылдатқым келмеді. Сендердің де үйлеріңді
ойран етіп, бала-шағаларыңды шырылдатса, өздеріңе жақсы болар ма еді?"
Төле бидің жауабын естіген жоңғар қонтайшысы Төле биді әулие деп танып, әскеріне би шаңырағына
да, ол отырған ауылға да шаппауын бұйырады. Содан бері Төле би "Қарлығаш әулие" атанып кеткен
екен.
Мәтіндер стилі тақырыбы мазмұны тілдік ерекшеліктері
1-мәтін
2-мәтін
5:12