Қазақ халқында ою-өрнек өнері өте ежелден дамып келе жатқанын білеміз. Бүгінгі таңда қазақ халқында 230-даю ою-өрнек атаулары белгілі болып отыр. "Өнер-таусылмас азық, жұтамас байлық", -дейді халық даналығы. Әрбір қөлөнер туындысы-өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және салтдәстүрінің нақты көрінісі. Олар кұмнан, тастан, саздан құмыра, көзе, ыдыс-аяқ, мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан әшекейленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты құрал, жарақ жасады. Қазақ халқының қолөнерінде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды. Ағаш, киіз тәрізді материалды ойып, тесіп, сүйек, металдан жасаған сәндік жосықтарды шеберлер "ою" дейді де, кестелеп, термелеп, жанамалап шығарған ою ырқағтарын "өрнек" дейді.