Умоляю, 40 кто ответит , и отмечу ответ лучшим . мамандық таңдау- әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. « армансыз , қанатсыз құспен тең” дейді халық. барлық ң арманы болады . арманшыл болашақта дегеніне жете алады. мамандық пен өнері өз қабілетіне қарай таңдап алады. мамандықтың түрі көп . халық алдына шығып ән салатын әнші болу. өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. сөзбен өрнек салатын жазушы болу. шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу . жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына бейімделе бастайды . терең білім алуға талпынады . өз бетінше ғалымдардың өмірімен танысады. сондықтан да қ шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. болашаққа апаратын тура жол қ шақтан басталады. осы жолда отбасының, ұстаздың, мектептің , қоршаған ортаның алар орны ерекше . жастарға болашақта мектептен алған сапалы білім ауадай қажет болатыны анық. сондықтан да ата – ананың , ұстаздың берген сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін дұрыс ұғынып , түсініп оқу жастардың басты міндеті болмақ. iii деңгей 1.мәтіннің мазмұнына сәйкес берілген сұрақтарды рет -ретімен қойып , жауап беріңдер. 1.мектеп бітіруші түлектің мақсаты не ? 2.армансыз немен тең? 3. қандай болашақта дегеніне жетеді? 4.мамандықтың басқа қандай түрлерін білесіңдер? 5.мектептен алған білім неге керек ? 6. жастардың басты міндеті не деп ойлайсыңдар? 2.мәтіннен 5 етістік теріп жазып , дара және күрделі мақсатты келер шақ жасап ,сөйлем құраңдар. ii деңгей 1. мәтіннің мазмұнын сақтап ,қысқартып жазыңдар. 2.төмендегі нақыл сөздердің мәтінге қандай қатысы бар екенін әңгімелеп беріңдер. мен жастарға «алдарыңда таудай талап тұр. өмір заңғарлары үнемі биікке шақырады .оған жету үшін талмай ізденіңдер! »дер едім . жастарға тоғышарлық , бойкуйездік дертінен аулақ, сергек ,сезімтал болған жарасады. ң болашақта қатарынан қалмай азамат болуы – әр ата –ананың ізгі арманы болашақ кілті – жастарда . i деңгей мәтінге сүйеніп , өміріндегі отбасы , ұстаз , мектептің рөлі туралы айтып беріңдер .
Берілген сұрақтарға жауап:
III деңгей
1)Мамандық таңдау;
2)Қанатсыз құспен тең;
3)Арманшыл адам;
4) Өрт сөндіруші, тігінші, биші, журналист, кеден қызметкері, полиция қызметкері, спортшы, ұшқыш, ғалым, ғарышкер, аудармашы, инженер, бағдарламашы т.б.
5) Болашақта өмірден өз орнын табу үшін қажет.
6) Ата-ананың,ұстаздың берген сапалы білімі мен өнегелі мен өнегелі тәрбиесін дұрыс ұғынып,түсініп оқу.
2 тапсырма.
Болашақта мен аудармашы мамандығын таңдамақпын.
Ұлттық консерваторияда білім алып жатқан әпкем жақында концертте ән айтпақ.
Мектебіміздің мерейтойына жиналған қауым мектебіміздің тарихымен таныспақ.
Болашаққа апарар жол мектеп қабырғасынан басталмақ.
Жақсы оқып, ата-анасы мен ұстаздарының ізгі өсиетін бойына сіңірген жас ұрпақ болашақта үлгілі азамат болмақ.
II деңгей
Мамандық таңдау- әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. « Армансыз адам , қанатсыз құспен тең” дейді халық. Барлық а ң арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді адам өз қабілетіне қарай таңдап алады. Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына бейімделе бастайды. Сондықтан да балалық шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол балалық шақтан басталады. Осы жолда отбасының, ұстаздың, мектептің , қоршаған ортаның алар орны ерекше. Сондықтан да ата – ананың , ұстаздың берген сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін дұрыс ұғынып , түсініп оқу жастардың басты міндеті болмақ.
Берілген нақыл сөздердің мәтінмен тікелей байланысы бар, себебі барлығы да мамандық таңдау мен болашақ жайлы айтылған.
I деңгей
Адам өміріндегі отбасы, ұстаз бен мектептің рөлі ерекше екені барлығымызға белгілі. Отбасы шағын Отанымыз, тәлім-тәрбиенің, мейірімділік пен сүйіспеншіліктің рдасы болса, ұстаздарымыз бізге екінші анамыздай жақын адамдар. Олар бізді білім нәрімен сусындатып, бойымызға ізгілік нұрын дарытады. Ал мектеп болса, отбасы, ұстаз бен оқушының арасындағы алтын көпір, алтын ұямыз.