Қуаныш Мәден – жас өнертапқыш Мәтінді оқы. Мәтін қай үлгіде жазылған?

Қуаныш Мәден – жас өнертапқыш

Бұған дейін құбыр тазалайтын роботты ойлап тапқан шымкенттік оқушы жаңа жобаны қолға алмақ.

Ол патенттеген робот қашан қолданысқа беріледі? Ғарыштағы металл қалдықтарынан пайда болған қоқыстар несімен қауіпті? Кеңістікті қалай тазалауға болады? Бұл туралы өнертапқыш оқушы Forbes.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып береді.

Тілші: Қуаныш, сен бұған дейін құбыр тазалайтын робот ойлап тапқан едің. Саған идея қалай және қай кезде келді? Не себеп болды?

- Мен Шымкенттегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысымын. 8 сыныпта оқып жүргенде, әдеттегідей таңғы сағат 7-де мектепке қарай шықтым. Бірақ қаламыздың Қонаев даңғылындағы орын алған үлкен көлік кептелісі нәтижесінде сабағыма кешігіп қалдым. Бірнеше күнге созылған апаттың себебі – бас даңғыл бойымен өтетін құбырлар жүйесінде орын алған жағдай. Сонда мені жұмыскерлер бригадасы даңғылдын белгілі бөлігін ғана қазып зерттеместен, керісінше автокөліктердін өтуіне неге үлкен кедергі туындатты деген сұрақ мазалады. Осы оқиға құбыр тазалағыш роботты істеуіме түрткі болды.

Тілші: Робот қалай жұмыс істейді, қалай қолданылады?

- Құбыр тазалағыш робот жүйедегі қозғалысты қамтамасыз ететін 4 арнайы және тазалағыш тізбекті іске қосатын қосымша 3 мотормен жабдықталған. Роботтың конструкциясы ашық болуына байланысты, құбырдағы ағыммен бір уақытта жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар.

Тілші: Жобаның патенті қай кезде жасалды?

- 2019 жылдың тамыз айында патентке ие болдым. Роботтың құрылысы әмбебап болып келгендіктен, тазалау механизмің мұнай, кәріз және су жүйелерінде қолдануға болады.

Тілші: Байқауға қай кезде ұсындың? Нәтижесі қандай болды?

- Coca-Cola және Еуразия Қорының ұйымдастыруымен 2017 жылы өткен 321 старт атты Республикалық байқаудан 1 орын алдым және 1 млн тенге көлеміндегі қаржылай қолдауға ие болдым.

Тілші: Байқаудан ұтып алған 1 млн теңгені қайда және қандай мақсатқа жұмсадың?

- Қаржылай көмекке роботтың жұмыс істеуге арналған үлкен масштабтағы прототипін құрастыруды бастадым. Қажетті құрал саймандардың әлі өндірісте қолданылмайтындығы біршама қиындықтар туғызды. Сол себепті де осы қаржыға 3Д принтер және өзге де кәсіби станоктарды сатып алуға тура келді.

Тілші: Қытайға барып, Макаодағы байқауға қатысқаныңды білеміз. Ондағы нәтиже қандай болды?

- Біздің күншығыс еліне жасаған сапарымызды Халықаралық Ғылыми Бірлестіктердің орталығы ұйымдастырды. Байқау нәтижесінде инженерлік ілімдер категориясында жүлделі 2орынды иелендім.

Тілші: Елбасы Н. Назарбаевпен жүздескен екенсің. Тұңғыш президент саған не айтты?

- Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұнай экспортына маманданған ел екенін ескере отырып, осы жобаның келешегіне және жүзеге асатынына ықыласты екенін айтты.

Тілші: Болашақта қайда оқуды жоспарлаудасың?

- Оқуды бітіргеннен кейін Америка Құрама Штаттарының жоғарғы оқу орнына түсуді көздеп отырмын.

Тілші: Оқу орны белгілі ме?

- Иә, белгілі, Stanford. Инженерия, физика жане маркетинг бойынша білім алуды жоспарлап отырмын. Кейін Қазақстанға ораламын. Ал онда алған білімімді келешекте Қазақстанның игілігіне қолданамын.
Әңгіме

Сұхбат

Мақала

KultchiK KultchiK    3   17.09.2020 02:04    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi